2026 жылдың 12-17 сәуір аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында таеквондодан юниорлар арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Алты күнге созылған байрақты бәсекеде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшылары 1 алтын, 4 қола медаль иеленді:
Алтын медаль иегері:
Серікбаева Айым (-44 кг)
Қола медаль иегерлері:
Ерзат Ерасыл (-48 кг)
Медетбай Ислам (-55 кг)
Абдукаримов Алидар (-68 кг)
Шері Әділет (-51 кг)
«Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының аға жаттықтырушылары – Ким Ёнг Ро және Алдабеков Айтжан, әдіскер - Айтенова Айгүл.